Жаңа жыл қарсаңы БАҚ өкілдерін Sports&Media de Тalks алтыншы білім беру практикумымен қуантты. Жоба бір жыл бұрын Parimatch Kazakhstan және Atameken Business Practicum бастамасымен іске қосылған. Sports&Media de Тalks бүгінде медиа сарапшылардың, журналистік қоғамдастықтың және спортшылардың бейресми қарым-қатынас құра алатын алаңына айналған.
Бұрын көтерілген тақырыптардың әрқайсысы спорттық журналистикаға тікелей қатысты болған, дәстүр бойынша бұл жолы да сол салаға қатысты өтті. Мобилография және фотография мәселелері және олардың шығарылатын материалдардың сапасына әсері бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Кең таралған диджитализация және қоғамның қалауын тез тұтынылатын мазмұнға ауыстыру - бұл біздің заманымыздың жаңа және ұзақ мерзімді тренді. Оны бізге күнделікті өмірден таныс рилстерсіз, шығарылымдарсыз және стористерсіз елестету мүмкін емес. Редакциялардың әлеуметтік желілері оқырмандар мен жарнама берушілер үшін тағы бір ақпараттық және жарнамалық алаңына айналды, және олардың тартымдылығы жарияланған бейнелер мен фотосуреттердің сапасына және жаңалықтар күн тәртібіне қатысты өзектілігіне тікелей байланысты.
Бұл ойды Sports&Media de Тalкs спикерлерінің бірі Аян Несіпбеков те растады:
"Льюис Хэмильтонның оқиғасы есімде: жолым болып, онымен бетпе-бет кезігіп қалдым. Мен оның жанкүйермен кездесу сәтін суретке түсіре алдым. Өз камераммен бірнеше кадрларды тез түсіріп үлгердім де, дереу орындықта отырып өңдеп, тиісті хэштегпен орналастырдым. Бұл фотосуреттер бірден шетелдік пабликтер мен БАҚ-қа тарап кетті".
Аян Несіпбеков - "Формула-1" жарысындағы алғашқы қазақстандық фотожурналист және UFC-дің аккредиттелген фотожурналисі. Жасына қарамастан, Аян спорттық фотосуреттерде лайықты білім жинай алды, ол өзінің техникалық ерекшеліктері, ең ыңғайлы редакторлары және мансабында бетбұрыс болған өмір жағдайлары туралы әңгімелеп берді.
Аяннан кейін екінші спикер Асылбек Шауалиев сөз алды. "Ногамяч" алғашқы футбол YouTube арнасының авторларының бірі және жүргізушілерінің бірі ретінде танымал продюсер, сценарист және блогер аудиторияны ұялы телефонға түсірудің артықшылықтары мен кемшіліктері, шығармашылықтың маңыздылығы және шетелде түсіру ерекшеліктеріне көңіл бөліп, белсенді пікірталасқа тартты.
"Күштің барлығы шығармашылықта. Футбол алаңын түсіруге тыйым салынған ӘЧ-нің шектеулеріне тап болып, біз жанкүйерлер толқынын жасап, осы сәтті камераға түсіре алдық. Қазақстаннан келген екі жігіт 80 000 адамның арасында осы толқынды жасай алды - бір қарағанда, мүмкін емес нәрсе, бірақ біз ойлағынымызды іске асыра алдық. Осылайша, біз тыйым салынған ережеге қарсы келмей, оған осындай айла жасадық. Мұндай сәттерді әрдайым ескеріп, оларды өз пайдаңызға қалай пайдалануға болатынын алдын ала ойластыру маңызды", - деп бөлісті Асылбек.
Семинардың маңызды құрамдас бөлігі - спикерлердің аудиториямен көзбе-көз кездесіп, сөйлесе алуы. Дәл осындай әңгіме барысында келесілер қорытындыланды: спорттық мобилография көптеген аспектіде спорттық іс-шараларды камераға түсірудің дәстүрлі тәсілінен асып түседі. Мазмұн жасаушыға қол жетімділік, оқиғаларға жақын бола алу, деректерді өңдеу жылдамдығы — бұл опциялардың барлығы материалды жан-жақты етіп жасауға мүмкіндік беріп, талант пен шығармашылыққа жол ашады.
Іс-шараның қалай өткенін өз көзіңізбен көріп, спикерлердің сөйлеген сөздерін тыңдағыңыз келе ме? Sports & Media de Тalкs-тың тікелей көрсетілімінің жазбасын сілтеме бойынша өтіп, тамашалаңыз.
*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2051928-sports-media-detalks-6-sporttyq-zurnalistikadagy-mobilografiya/