Алматыда жоғалып кеткен белгілі қазақстандық және кеңестік спортшы Серік Нұрқазов табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"1959 жылғы Серік Нұрқазов есімді азамат аман-есен табылды және жақындарымен қауышты", – делінген қалалық ПД хабарламасында.
ПД айтуынша, жоғалған адамның қайда екенін анықтауға және оның отбасына оралуына бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізілді.
Еске салайық, Медеу ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша іздестіру ісін бастағанын хабарлаған едік.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген:
- бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері;
- 1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері;
- 1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
- 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы; КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2052632-almatyda-xabar-osarsyz-zogalyp-ketken-bokssy-tabyldy/