Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Юлия Путинцева турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен кездесті. Италиялық спортшы бірінші партияда 6:0 есебімен ұтты. Ол екінші сетте де 5:2 есебімен басым тұрды. Бірақ Путинцева қатарынан бес гейм алып, алға шықты (7:5). Соңғы партияда есеп 5:4 болған кезде италиялық теннисші тағы да матчқа доп бергенімен, Юлия қайыра брейк жасады. Нәтижесінде қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).
Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 35, доданың 5-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен немесе рейтингте 90-сатыда тұрған швейцариялық Виктория Голубичпен сынға түседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054538-qazaqstandyq-tennissi-wta-250-turnirinin-ekinsi-ainalymyna-syqty/