Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен ойнады. Алғашқы партияда қазақстандық теннисші 6:1 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 2:2 болған кезде, брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Матч соңында қарсыласқа дес бермей, жеңіске жетті (6:4).
Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды. Бейбіт ойын барысында 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Енді қазақстандық теннисші іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054769-australian-open-2024-beibit-zuqaev-xalyqaralyq-turnirdi-zenispen-bastady/