Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда теннистен ATP 250 турнирі өтеді

Жарияланған күні:

"Алматы Арена" спорт кешені
"Алматы Арена" спорт кешені. Фото: olympic.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы ATP 250 халықаралық турнирін Алматыда өткізу туралы шешімді бекітті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, халықаралық турнир Алматыда биыл 13-20 қазан аралығында өтеді.

"Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр. Себебі өткен ғасырдың 20-жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады. Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena аумағында мерекелік көңіл-күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі", — деді Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. 

Aлматыда өтетін теннис бәсекесінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан аспақ.

Әлемнің 30 елінде өтетін ATP 250 жарысына 40 турнир кіреді. Аталмыш турнирде жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады.

Жыл сайынғы аталмыш турнир алғаш рет Астанада 2020 жылы өтті. Кейін 2022 жылы турнир деңгейі бір рет ATP 500-ге көтерілді. Оған Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Хуберт Хуркач, Андрей Рублев сияқты танымал теннисшілер қатысты. Қазақстанда өтетін жарыс жыл сайын 110-нан астам елде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054956-almatyda-tennisten-atp-250-turniri-otedi/