Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасының мергендері тағы төрт жүлдеге қол жеткізді

Жарияланған күні:

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нысана көздеуден Индонезия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, винтовкамен 50 метрден жатып оқ ату бойынша Ұлттық құрама спортшылары Арина Алтухова (626,8 ұпай) чемпион атанды. Александра Ле (618,4 ұпай) қола жүлдеге ие болды, ал Елизавета Безрукова (617,2 ұпай) 4-орын иеленді.

Сондай-ақ тапаншамен 25 метрден нысана көздеу бойынша Никита Чирюкин (568 ұпай) үздік үштік қатарына кіріп, қола медальға қол жеткізді.

Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған жоқ.

Қазір жалпы есеппен еліміздің қанжығасында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Қазақстан рейтинг бойынша 4-орында. Құрлық чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055382-ulttyq-qurama-mergenderi-tagy-4-zuldege-qol-zetkizdi/