Барселона соты бұрынғы кәсіпқой теннисші Аранча Санчес-Викарионы 2 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Испания сот билігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аранча Санчес-Викарио мен оның бұрынғы күйеуі Хосеп Сантакана банктегі қарыздарын төлемеу үшін мүліктерін жасырған. Сот Аранчаны 2 жылға, ал Сантакананы 3 жыл 3 айға бос бостандығынан айырды. Сонымен қатар олар Люксембург банкіне 6,6 миллион еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.
Аранча Санчес-Викарио 4 жасынан бастап тенниспен айналысқан. Ол кәсіпқой теннистегі 29 жылға созылған мансабын 2004 жылы аяқтаған еді. Осы уақыт аралығында 4 рет Олимпиада медалін, 4 рет "Үлкен дулыға" титулын жеңіп алған және халықаралық жарыстарда 92 жүлде иеленген. Аранча 1995 жылы әлемнің бірінші ракеткасы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056129-alemnin-buryngy-birinsi-raketkasy-2-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/