Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Лицензиялық чемпионатта ел намысын 18 спортшы қорғады. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8 жүлдемен 2-орынға тұрақтады.
Алтын медаль иеленгендер қатарында Мария Дмитриенко, Әлішер Айсалбаев (трап, аралас жұптық сын), Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пенков (скит, командалық жарыс), Никита Моисеев, Богдан Конченко, Никита Чикулаев (трап, командалық жарыс) бар.
Ал күміс жүлде еншілегендер: Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко (скит, аралас жұптық сын).
Қола медальға қол жеткізгендер: Мария Дмитриенко (трап, жекелей сын), Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова (трап, командалық сын), Илья Пеньков (скит, жекелей сын), Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко (скит, командалық сын).
Өкінішке орай, Қазақстан құрамасы бірде-бір Олимпиада лицензиясын иелене алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057534-qazaqstandyq-mergender-aziya-cempionatynda-8-medal-zenip-aldy/