Бұған дейін Ресей намысын қорғаған теннисші Александр Шевченко енді Қазақстан құрамасының атынан шығады. Спортшы азаматтығын ауыстырғанын Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Александр Шевченко Instagram парақшасында келесі аптадан бастап Қазақстан Республикасының намысын қорғайтынын хабарлады.
"Келесі аптадан бастап, мен Қазақстан құрамасының атынан шығатын боламын. Кортқа шығатын күнді асыға күтудемін. Өте қуаныштымын", - деп жазды теннисші.
Айта кетейік, 23 жастағы Александр Шевченко әлемнің 48-ракеткасы болып табылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057864-reseilik-tennissi-endi-qazaqstan-atynan-sygady/