Жеңіл атлетикадан Астанада өткен World Indoor Tour Astana Indoor Meet турнирінде Давид Ефремов Қазақстан рекордын орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Давид Ефремов 60 метрге кедергімен жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетіп, өз рекордын жаңартты. Ол белгіленген қашықтықты 7,59 секундта жүгіріп өтті (бұрынғы рекорд — 7,62). Бірақ Ефремов финалда төртінші орынға тұрақтады.
Ал тағы бір қазақстандық атлет Надежда Дубовицкая биікке секіру сайысында күміс жүлде иеленді.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл жарыста әлемнің 45 елінен келген 136 атлет бақ сынады. Олардың қатарында 4 Олимпиада чемпионы, 10 Әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және 2 қазіргі Әлем рекордсмені бар.
Жеңімпаз атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.
Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирінің жеңімпаздары:
Ерлер:
- Сырықпен секіру Арманд Дуплантис (Швеция) — 5.80 метр;
- Ядро лақтыру Скотт Линкольн (Ұлыбритания) — 20.81 метр;
- 60 метр жүгіру Демек Кемп (АҚШ) — 6,55 секунд;
- 60 метр кедергілермен жүгіру. Жунхю Лю (Қытай) — 7.58 секунд;
- 400 метр жүгіру Инаки Канал (Испания) — 46.36 секунд;
- 3000 метр жүгіру Самуэл Тефера (Эфиопия) — 7:33.80.
Әйелдер:
- Биіктікке секіру Урте Байкстайт (Швеция) — 1.92 метр;
- Ұзындыққа секіру Милиса Гардасевич (Cербия) — 6.45 метр;
- 60 метр жүгіру Антоник Страчан (Багам аралы) — 7.21 секунд;
- 60 метр кедергілермен жүгіру. Тоби Амусан (Нигерия) — 7.77 секунд;
- 400 метр жүгіру Катиа Азеведо (Португалия) — 52.64 секунд;
- 1 миль (1,6 км) жүгіру Дирибе Уелтежи (Эфиопия) — 4:23.76.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057976-qazaqstandyq-zelayaq-xalyqaralyq-turnirde-rekord-ornatty/