Жақында Қазақстан азаматтығын алған ресейлік теннисші Александр Шевченко Монпельеде (Франция) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жұптық сынын жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Александр Шевченко тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бубликпен бірге америкалық дуэт Эван Кинг пен Риз Штальдерді ұтты. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда қазақстандық дуэт Ллой Гласспул/Анри Паттен (Ұлыбритания) – Анируд Чандрасекар/Виджай-Сундар Прашант (Үндістан) арасындағы матчта жеңген жұппен ойнайды.
Сондай-ақ бүгін, 31 қаңтарда Александр Шевченко жекелей сында Чехия өкілі Далибор Сврчинамен кездеседі.
Еске салайық, осыған дейін Александр Шевченко енді Қазақстан намысын қорғайтынын жазғанбыз. Спортшы азаматтығын ауыстырғанын Instagram парақшасында хабарлаған еді.
"Келесі аптадан бастап, мен Қазақстан құрамасының атынан шығатын боламын. Кортқа шығатын күнді асыға күтудемін. Өте қуаныштымын", – деп жазды теннисші.
23 жастағы Александр әлемдік рейтингте 48-орында тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058372-qazaqstan-azamattygyn-algan-reseilik-tennissi-franciyadagy-turnirdi-zenispen-bastady/