Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

170 млн теңгеден басталады: Месси мен "Барселонаның" келісімшарты бар майлық аукционға қойылды

Жарияланған күні:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Eric Alonso/Getty Images

Британилық Bonhams аукцион үйінің ресми сайтында жаңа лот пайда болды. Ол Лионель Месси мен "Барселона" арасындағы алғашқы келісімшартқа қойылған майлық. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bonhams аукцион үйінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2000 жылдың 14 желтоқсанында 13 жастағы аргентиналық футболшы "Барселона" өкілдерімен алғаш кездескен еді. Клубтың сол кездегі спорт директоры Карлес Рексач егер екі тарап келіссе, Месси бірден қол қоятынын айтты. Алайда қағаз болмағандықтан Лионель майлыққа қол қойып, енді "Барселонаға" тиесілі ойыншы екенін растаған болатын. Сонымен қатар Аргентинаның Испаниядағы өкілі Орасио Гаджиоли мен агент Хосеп Мария Мингелла да қолдарын қойды.

Месси қол қойған майлық
Месси қол қойған майлық. Скриншот: bonhams.com

Кейін майлық Гаджиолиде қалды. Бірнеше жыл бұрын ол аталмыш затты мұражайға беру мүмкіндігі туралы айтқан болатын. Бірақ енді өлшемі 16,5 х 16,5 сантиметр болатын аты аңызға айналған майлық 18-27 наурыз аралығында өтетін аукционға қойылды. Лоттың бастапқы бағасы – 300 мың фунт стерлинг (қазіргі бағам бойынша 170 миллион теңгеден астам).

Осы кездесуден кейін көп ұзамай Месси "Барселона" академиясына қосылды. 2004 жылы ресми түрде негізгі команда сапында дебют жасады. Аргентиналық каталондық клубтан 2021 жылы кетті. Қазіргі уақытта 36 жастағы Месси америкалық "Интер Майамиде" ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058686-messidin-tagdyryn-ozgertken-mailyq-messi-men-barselonanyn-kelisimsarty-bar-mailyq-aukcionga-qoiyldy/