Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов турникке 20 мәрте тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ b1rinshibol арнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан Мырзағали Айтжановтың жаттығу залындағы турникке 20 рет тартылғанын көруге болады.
"Бапкер әлі бабында", – деп жазды "Бірінші бол" арнасы.
Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов 2023 жылдың қаңтарында бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы КСРО құрамасымен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.
Мырзағали Айтжанов ҰҚК-ны 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты. Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады. Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында да 5 алтын (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) алтын медаль жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2060955-bapker-ali-babynda-myrzagali-aitzanov-turnikke-20-ret-tartyldy-video/