Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Германия ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионы болған футболшы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Андреас Бреме
Андреас Бреме. Фото: Sebastian Widmann/Bongarts/Getty Images

1990 жылы Италияда өткен Әлем чемпионатының финалындағы жеңіс голдың авторы, Германия құрамасының бұрынғы футболшысы Андреас Бреме қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bild порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 63 жастағы Бременің жүрегі тоқтап қалды. Ол Мюнхен қалалық ауруханасына жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Еске салайық, Андреас Бреме 1990 жылы финалда Аргентина құрамасының қақпасына "жеңіс голын" салған еді. Сол кездегі жеңіс Германия үшін бұл Әлем чемпионатындағы үшінші жүлде болды.

Өз мансабында "Бавария", "Кайзерслаутерн", "Интер", "Сарагоса" сияқты клубтардың сапында ойнады. Ал ұлттық құрама сапында 86 кездесуге қатысып, сегіз гол соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2062038-futboldan-germaniya-ulttyq-quramasy-sapyndagy-alem-cempiony-qaitys-boldy/