Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында тағы жеті алтынды қанжығасына байлады

Жарияланған күні:

Әділбек Мусин
Әділбек Мусин. Фотосурет: olympic.kz

Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) өтіп жатқан су спортынан Азия чемпионатының екінші күнінде қазақстандық жүзушілер сегіз медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырының ең биік сатысына алты рет көтерілді. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ересектер арасында алтынды Әділбек Мусин мен София Сподаренко жеңіп алды.

Кіші жас топтарында Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу), Арсен Қожахметов (50 метр), София Абубакирова (50 метрге еркін жүзу), Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), сондай-ақ Егор Попов, Қожахметов, Сказобцов және Даниил Черепановтан құралған команда 4х100 метрге аралас эстафетадан чемпион атанды.

Сонымен қатар Черепанов 50 метрге еркін жүзуден күміс жүлде иеленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан командалық есепте екінші орында тұр. Ұлттық құраманың қоржынында 10 алтын, 8 күміс және 2 қола медаль бар. Кестеде тек Жапония құрамасы ғана бір сатыға жоғары тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063355-qazaqstandyq-zuzusiler-aziya-cempionatynda-tagy-zeti-altyndy-qanzygasyna-bailady/