Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші маңызды турнир алдында ұрыларға тап болғанын айтты

Жарияланған күні:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: Matthew Stockman/Getty Images

Қазақстанның әйелдер арасында екінші ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтетін турнир алдында сөмкесін ұрлатып алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Больше!" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шын мәнінде, мен Индиан-Уэллске келем бе жоқ па білмедім. Бір сұмдық жағдай болды. Дубайдан осында ұшып келетін кезде мен Мадрид арқылы Майамиге бармақ болдым. Мадридте қонақ үйде ұйықтап алуды шештім. Қонақ үйге орналасып жатқанда біреулер менің сөмкемді ұрлап кетті. Сөмкемде америкалық виза, AirTag-пен қоса барлық затым болған. Мен полицейлерге хабарластым. Олар алдымен хаттама толтыру керегін айтты. Мен толтырдым да "кеттік" дедім. Ал олар бұл біздің аймақ емес, бармаймыз деді. Маған бұл жағдайда виза бойынша агентім көмектесті. Ол маған АҚШ-қа кіруге мүмкіндік беретін шақыру ұйымдастырды. Мен жұмада келіп, бірден кортқа шықтым. Өйткені бір апта бойы жаттықпай, Мадридте болдым", – деді Путинцева.

Айта кетейік, Юлия Путинцева 13 наурызда Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2066640-qazaqstandyq-tennissi-manyzdy-turnir-aldynda-urylarga-tap-bolganyn-aitty/