Қытайдың Тайвань қаласында таеквондодан лицензиялық турнир өтіп жатыр. Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған жарысқа барған қазақстандық спортшылардың киім үлгісі желі қолданушыларын тәнті етті. Олар спорттық киімнің ерекше екенін жарыса жазуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Таеквандо федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында спортшылардың жарысқа бара жатқан сәттегі видеосын жариялады.
"Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Қытайда өтетін Азия іріктеу турниріне аттанды! Спортшыларымызға сәттілік тілейік!", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.
Таеквандошылардың халықаралық жарысқа киіп барған формасы желі қолданушыларын тәнті етті. Олар спорттық форманың үздік екенін жарыса жазуда.
"Ерекше костюмдер үшін дизайнерлерге респект! Спортшылармызға сәттілік!", "Мәссаған, қандай тамаша", "Форма расымен де әдемі", "Форма мықты екен", "Дизайнер жарайсың", "Мынадай формамен бәрін жеңу керек", "Бұл осы маусымның штаттық формасы деп үміттенемін", "Форма ғажап, неге ұлттық құрамаға осылай тікпейді?", - деп жазуда көпшілік.
Қытайдағы жарыста Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында Олимпиаданың екі лицензиясы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2069454-mynadai-formamen-barin-zenu-kerek-qazaqstandyq-taekvandosylardyn-kiim-ulgisi-zeli-qoldanusylaryn-tandai-qaqtyrdy-video/