Қырғызстан астанасы Бішкекте 45 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион бой көтереді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қырғызстан президентінің істерін атқарушы Қаныбек Тұманбаевтың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабалайды.
Стадионның жалпы жобасын президенттің істерін атқарушы Қаныбек Тұманбаев әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, спорттық ғимараттың құрылысына шетелдік компаниялар жауап бермек. Футбол алаңы барлық заманауи талапқа сәйкес болады. Сонымен қатар 45 мың жанкүйерге арналған стадион киіз үйге ұқсастырылып салынбақ.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров стадионның жұмыстарын елдің ҰҚК жіті бақылауына тапсырды.
Көршілес елдің қазір қолданыстағы сыйымдылығы жоғары стадион ретінде "Алға" клубының "Долон Өмірзақов" атындағы спорттық нысанын айтсақ болады. Ол алаң 23 мың жанкүйерге арналған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2070696-qyrgyzstanda-kiiz-uige-uqsas-stilde-futbol-alany-salynbaq/