Танымал спорт комментаторы әрі журналист Василий Уткин көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.
РИА Новости басылымы "Эгриси" әуесқой футбол клубына сілтеме жасап хабарлауынша, спорт комментаторы Василий Уткин 52 жасында көз жұмды.
Спорт комментаторының неден дүниеден озғаны анықталмаған.
"Біз үшін бұл жазбаны жазу өте ауыр болды. Бірақ бұл рас. Василий енді арамызда жоқ", - деп жазылған медиа клубтың хабарламасында.
"Эгриси" әуесқой футбол клубының иесі марқұм Василий Уткин еді.
Басылым ақпараты бойынша, Уткин 1994 жылдан бері телеарналарда жұмыс істеген, бірқатар футбол бағдарламасын жүргізіп, НТВ мен НТВ-Плюс телеарналарында көптеген матчта комментатор болған.
2017 жылы спорт комментаторы саласынан кететінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол фильмдерге түсіп, танымал болды. "День выборов" және "День выборов 2" фильмдерінде Уткин басты рөлді сомдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2071059-aigili-sport-kommentatory-vasilii-utkin-dunieden-ozdy/