Қазақстандық он боксшы Литвадағы доданың жартылай финалына шықты. Бүгін Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
1/2 финалға Қазақстаннан 10 боксшы жолдама алды. Сонымен қатар тағы бір былғары қолғап шеберіміз Нұрсұлтан Алтынбек (57 кг) финалға шығып қойды.
Ел намысын қорғауға 11 боксшы аттанған еді. Әзірге соның барлығы шаршы алаңның шаңын қағып жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2072331-on-bokssymyz-litvadagy-dodanyn-zartylai-finalyna-syqty/