Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалындағы сенсациялық жеңіліске қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Даниэль Коллинз және Елена Рыбакина
Даниэль Коллинз және Елена Рыбакина. Фото: obert Prange/Getty Images

Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстанның өкілі Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалында америкалық Даниэль Коллинзден жеңілгені жайында пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, титулдық кездесуде Қазақстанның үздік теннисшісі Коллинзден (WTA рейтингінде 53-орын) екі сетте жеңіліп қалған болатын.

"Мұнда мен екінші жыл қатарынан финалда ойнап жатырмын. Командама рахмет. Мен үшін керемет екі апта болды, қиын матчтар... Осы екі апта бойы жұртшылық мені қолдады, сол үшін де рахмет! Даниэльді және оның бүкіл командасын турнирдегі тамаша өнерімен және жеңісімен құттықтаймын. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға, волонтерлерге, болбойларға және ойынды өткізуге көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Мен келесі жылы оралып, чемпион атанамын деп үміттенемін!" - деді Рыбакина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2076159-elena-rybakina-maiamidegi-wta-1000-turnirinin-finalyndagy-sensaciyalyq-zeniliske-qatysty-pikir-bildirdi/