Танымал спортшы Ислам Байрамуков Алматыдағы "Республикалық спорт колледжінің" директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ресми сайтында хабарлады.
"Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы "Республикалық спорт колледжінің" директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды", - делінген хабарда.
Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.
1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының "Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы" мамандығын бітірген.
Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Құқықтану" мамандығы, Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетінде "Қаржы және экономика" мамандығы бойынша білім алған.
1993-2004 жылдар аралығында "Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы" РМКК спортшы-нұсқаушысы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2085122-belgili-sportsy-respublikalyq-sport-kolledzinin-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/