Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстан футболына бөлінетін қаражатты қысқарту керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазыбек Иса туризм, дене шынықтыру және спорт салаларын мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері туралы жиында қазақ футболына миллиардтап жұмсалып жатқанын, оны қысқарту керектігін тағы айтты.
"Футболға бөлінетін шектеусіз қаражатты 1 миллиард 200 миллионға қысқарттық деді. Бірақ ол әлі де шектелген жоқ. Футбол кәсіби спорт түрі. Неліктен бұған мемлекеттің қыруар қаражаты кетеді. Әлемде кәсіби спорт клубтарына мемлекет ақша бөлмейді. Біз неге бөлеміз? Ал дәл қазір тасқын су болып, ел үй-күйсіз отыр. Неге футболға бөлінетін ақшаны, тасқын суға көмек ретінде бөлмеске", – деді депутат.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев депутаттардың сұрағына жауап беріп, аталған мәселелердің барлығы оң шешімін табады деді.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті орнынан алып тастауды ұсынған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2087195-futbolda-gol-zoq-auylda-zol-zoq-mazilis-deputaty-futbolga-bolinetin-qarazatty-qysqartudy-usyndy/