Әйелдер арасындағы жеке сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаға Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткені үшін қымбат сыйлықтар берілді. Бұл туралы Essentially Sports сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Өткен жарыстың ресми жүлде қоры – 922 573 доллар. Турнир чемпионы 142 мың доллар (қазіргі бағам бойынша шамамен 63 миллион теңге) алатыны хабарланған.
Сондай-ақ Рыбакина финалда украиналық Марта Костюкті жеңгеннен кейін арнайы жүлде – жарыстың титулдық демеушісінен Porsche Taycan 4S Sport Turismo электр көлігімен марапатталды. Көлік өндіруші компанияның сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, оның құны шамамен 132 мың еуро (қазіргі бағам бойынша шамамен 62,5 миллион теңге).
Бұл көлік моделі сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүреді, ал электр көлік тұрақты түрде токта болса, 18 минуттың ішінде қуатталады.
Финалға дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы әзірге жүргізуші куәлігін алмағанын айтқан. Спортшы жүргізуші куәлігін биыл алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар бұл санаттағы турнир жеңімпазы ретінде Рыбакина WTA рейтингінде 500 ұпай жинады. Турнирден кейін ол әлемнің төртінші ракеткасы титулын сақтап қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088557-zuz-myn-dollardan-astam-zane-porsche-elena-rybakina-germaniyada-zeniske-zetkeni-usin-qansa-tabys-tapty/