Стенд атудан Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ещенко Қатар астанасы Дохада Париж Олимпиадасының лицензиясына иелік етті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Эдуард Ещенко скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек 1 ұпай қалып кетті (35 ұпай).
Бұл стенд ату шеберлерінің 2-жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған.
Айта кетейік, нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі.
Қазір Қазақстан қоржынында жазғы ойындардың 49 жолдамасы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2092568-qazaqstan-quramasy-parizh-olimpiadasynyng-tagy-bir-zholdamasyna-ie-boldy/