Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Жарияланған күні:

Екатерина Шабалина
Екатерина Шабалина. Фото: instagram.com/shabal1na

Қазақстандық триатлоншы Екатерина Шабалина Олимпиада лицензиясын еншіледі. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

26 жастағы Екатерина – Азия чемпионы, құрлықтық кубоктардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

"Туған күнімнің қарсаңында мен басты сыйлық - Олимпиада лицензиясына ие болдым. Маған сенім артқан жақындарыма көп рақмет! Сіздердің қолдауларыңыз мені үлкен жетістіктерге жеткізді. Бүкіл спорттық өмірімдегі негізгі мақсатым осы жолдама болды. Енді мен алдағы 2 ай бойы басты спорттық шараға дайындаламын. Алға!", - деп жазды Шабалина.

Еске салайық, осыған дейін стенд атудан Ұлттық құрама спортшысы Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді. Скит бағдарламасында бақ сынайтын Әсем жаңартылған әлем рейтингінде 1-орнын сақтап қалып, лицензияға қол жеткізді. Бұл – стенд атудан Қазақстан құрамасының еншісіндегі 3-жолдама.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2102504-qazaqstandyq-triatlonshy-olimpiada-zholdamasyn-zhengip-aldy/