Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: instagram.com/committee_sport

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құрбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол осы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі.

Ал Милад Карими болса, еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды. Бұл Миладтың Ташкент төріндегі екінші күмісі. Бұған дейін ол көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2102903-qazaqstandyq-gimnast-nariman-qurbanov-aziia-chempiony-atandy/