Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнаст мансабында алғаш рет Азия чемпионатының алтын медалін иеленді

Жарияланған күні:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша 15.033 балл жинап, жеңімпаз атанды. Күміс пен қола жүлде қос қытайлық спортшыға бұйырды.

Айта кетейік, бұл – Миладтың биылғы Азия чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс медаль алған. 24 жастағы қазақстандық гимнасттың еншісінде ересектер арасындағы құрлық чемпионатының 8 жүлдесі бар (1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль).

Еске салайық, Ташкенттегі Азия чемпионатында көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Нариман Құрбанов та алтын медаль жеңіп алды. Ол гимнастикалық ат снарядында үздік атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2103254-qazaqstandyq-gimnast-mansabynda-algash-ret-aziia-chempiony-atandy/