Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем үй шаруасына араластырмайтын": 19 жастағы қазақстандық балуан қыз туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Лаура Ғаниқызы
Лаура Ғаниқызы. Фото: olympic.kz

19 жасар Лаура Ғаниқызы Бішкекте өткен күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде лицензияға бір табан жетпей қалса да, осы турнирдің басты сенсациясы болғаны үшін қазақ қызы Стамбұлда болатын әлемдік бәсекеге қатысып, лицензияны жеңіп алуға мүмкіндік туған. Алайда Түркия мемлекетінде ұйымдастырылған бұл турнирде де Лаураның бағы жанбады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт министрі" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкекте өткен бәсекеден кейін Лаура Ғаниқызы "Спорт министрі" YouTube арнасына өзінің өмірі, спорттағы мансабы мен лицензиялық турнирде көрсеткен өнері туралы сұқбат берді.

"Шынымды айтсам, әкем маған үй шаруасымен айналысуыма тыйым салып, оның орнына үнемі жаттығуға жіберді. Мен 4-сыныптан бастап күреспен шұғылдана бастадым. Алғашында мен жігіттер арасындағы турнирлерге қатысып жүрдім. Тіпті интернатқа түскенге дейін тек ұлдармен күрестім десем де болады", - деді балуан қыз.

Сондай-ақ Лаура Бішкектегі турнирдің финалындағы жеңілістен кейін әкесінің хабарласып, қолдау білдіргенін айтты.

"Біздің үйде тек қыздар болғандықтан, әкем біреуіміздің спортшы болғанымызды қалады. Атам да спортпен айналысқан. Әкем спортшы болмаса да, мені әрдайым қолдап жүреді. Осы турнирдің финалынан кейін әкем хабарласып, қолдау көрсетті. Негізі ол өте қатал, әр жеңілісімнен кейін мені қамшылап отырады. Ал анам болса қатты уайымдайды. Жаттықтырушыларым да менің болашағыма сенетіндерін айтып жігерлендірді. Өзім де барымды салып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алғым келеді", - деді спортшы.

Айта кетейік, әйелдер күресінен Қазақстан командасы Париж Олимпиадасына қатыспайды. Отандық балуан қыздар іріктеу турнирлерінде бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алмады. Құрамадағы сәтсіздік себебін бас бапкер Қайрат Сағадиев түсіндірген болатын.

Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105235-akem-ui-sharuasyna-aralastyrmaityn-19-zhastagy-qazaqstandyq-baluan-qyz-turaly-ne-bilemiz/