Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрылыс дүкенінің қызметкеріне ұқсап тұр": Елена Рыбакинаның жаңа формасы сынға ұшырады

Жарияланған күні:

Теннисші Рыбакина
Теннисші Рыбакина. Фото: Minas Panagiotakis/Getty Images

Теннис жабдықтарын өндіруші жапониялық Yonex компаниясы жақында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның "Ролан Гарросқа" қатысатын формасын таныстырған болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Yonex компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Францияда өтетін ашық чемпионатта өнер көрсететін әлемнің 4-ракеткасының ойын формасы қызғылт сары жейде мен жасыл белдемшеден, сондай-ақ ашық түстерде тігілген кепке мен крассовкадан тұрады. Алайда бірқатар жанкүйерге қазақстандық теннисшінің жаңа формасы ұнамаған сияқты.

Sebastien G есімімен тіркелген француз блогерінің Х әлеуметтік желісінде жарияланған суретінің астына бірнеше желі қолданушысы бұл ойын формасын сынға алып, тіпті оған жасалған таныстырылымды да жаратпағаны туралы пікірлер қалдырған.

"Yonex"-тің несі жаман – формасы ма, әлде фотосессиясы ма?", "Рыбакинаның "Роллан Гарросқа" арналған жиынтық формасы: әдемі ару, сұрықсыз киім", "Олар Рыбакинаны көріксіз етіп көрсете алмаса да, барын салады. Сондай-ақ осы түсті жейде грунт төсенішінде қалай көрінеді екен?! Менің ойымша, аса жараспайды", "Онша емес, шамамен, Елена да мәз емес", "Ол құрылыс дүкенінің қызметкеріне ұқсап тұр", "Елена бұл ойын формасын кию үшін компания  жақсы төлеген болуы керек", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, "Ролан Гаррос" жарысы 25 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді. Елена Рыбакинадан бөлек Қазақстан құрамасының намысын Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Шевченко қорғайды. Ал Анна Данилина мен Александр Недовесов жұптық сында күш сынасады.

Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105292-qurylys-dukenining-qyzmetkerine-uqsap-tur-elena-rybakinanyng-zhanga-formasy-synga-ushyrady/