Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кемі 17 млн теңге": қазақстандық альпинист Эверестті бағындыру үшін қанша қаражат керек екенін айтты

Жарияланған күні:

Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев
Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев. Фото: Kazakh Everest Team

Әлемнің ең биік нүктесі Эверестті үш мәрте бағындырған қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев бұл шыңға шығуға қанша қаражат керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 23 мамыр Алматыда Kazakh Everest Team ұлттық-патриоттық экспедициясы қатысушыларымен баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында альпинистер KAZ.NUR.KZ журналисіне әлемнің ең биік шыңы Эверестке (8 848 метр) көтерілу үшін қанша дайындалғанын және жалпы көтерілу қалай өткенін баяндап берді.

"Эверестті екі рет сәтті бағындырып келген тәжірибелі альпинист ретінде Мақсұт Жұмаев бізге жаттығу жоспарын әзірледі, дұрыс тамақтану жоспары бойынша ұсыныстар берді. Ол сондай-ақ команданың барлық киімі мен құрал-жабдығын өзі таңдап берді. Бастапқыда дайындық процесі бір жылдан астам уақытты алады деп жоспарланған. Бірақ жаттығу барысында Анар да, бәріміз де жақсы нәтиже көрсеттік, сондықтан команда жеделдетілген бағдарлама бойынша жаттықты, ал Килиманджаро шыңы Эверестке көтерілуге дайындық есебіне кірді", - дейді Эверестке көтерілген үшінші қазақстандық Альмир Қымбатбайұлы.

"Эверестті бағындыруға кететін қаражат бір адамға 40 мың доллардан басталады. Ал ең қымбат сомма 100 мың доллардан асады. Ол сервиске, командада қанша адам бар екеніне, қандай гидпен барғаныңызға, шерптердің саны мен алып жүретін оттегінің көлеміне байланысты", - деді Мақсұт Жұмаев.

Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев бастаған Kazakh Everest Team командасы 12 мамырда Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверестті бағындырған еді. Команданың сапар кезіндегі барлық шығынын Everest Development компаниясы өз мойнына алған.

Экспедиция құрамында Анар Бурашева мен Альмир Қымбатбайұлы есімді альпинистер болды. Анар Бурашева әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105781-everest-shyngyna-shyguga-qansha-qarazhat-kerek/