Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эверестті бағындырған қазақстандық альпинистерге екі бөлмелі пәтер берілді

Жарияланған күні:

Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Альмир Қымбатбайұлы
Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Альмир Қымбатбайұлы. Фото: Kazakh Everest Team экспедициясының баспасөз қызметі

Әлемнің ең биік нүктесі – Эверестті бағындырған қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Альмир Қымбатбайұлына Алматыдан екі бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 13 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Kazakh Everest Team" ұлттық-патриоттық экспедициясының мүшелері – Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева, Альмир Қымбатбайұлына қазақстандық құрылыс компаниясының өкілі пәтер сертификатын табыстады.

"Эверестке шығу – Олимпиада ойындарында алтын алудан немесе миллиардер атанудан әлдеқайда қиын іс. Біз cіздерге материалдық түрде алғыс білдіру үшін пәтер сыйлағымыз келеді", - деді ірі құрылыс компаниясының өкілі Азамат Сүлейменов.

Айта кетейік, 12 мамырда Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те құрамында Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева мен Альмир Қымбатбайұлы бар "Kazakh Everest Team" командасы әлемнің ең биік шыңы Эверестке сәтті шықты. Анар Бурашева тарихта әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызы атанды. Экспедиция мүшелері жақында елге оралған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105793-everestti-bagyndyrgan-qazaqstandyq-alpinisterge-eki-bolmeli-pater-berildi/