Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Продюсерлерді жылаттым": Қуат Хамитов спорттың өнер жолындағы пайдасын айтты

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: kuat__khamitov/instagram.com

Қазақстандық файтер кино саласына жасаған қадамын спорттағы жетістігінің арқасында екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Khabar арнасының YouTube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жақында Khabar TV арнасындағы "ХабарLIKE" бағдарламасының арнайы қонағы болып сұхбат берді.

"Егер мен спорт мансабымда дәл осындай жетістікке жетіп, халыққа танымал болмаған жағдайда мені киноға алмас еді. Сол себепті спорт пен өнер саласының бір-бірімен байланысы берік деп айтуға болады. Ал гонорар мәселесіне келер болсақ, әрине, жекпе-жектен табатын қаражатым киноға қарағанда аз. Осы уақытқа дейін 40-қа жуық жекпе-жек өткізіп, талай промоутерлермен жоғары деңгейдегі келісімдерді жасап жүргеннен кейін, маған кино продюсерлермен келісімге келу оңай болды.

Әлемдік деңгейдегі промоутерлермен сөйлесіп жүргеннен кейін, бір сөзбен айтқанда, продюсерлерді жылаттым. Маған ақша берген кезде жылады ғой (күледі). 2021 жылы түскен ең алғашқы киномда мен осындай жақсы келісімге қол жеткізген болатынмын", - деді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 11 мамыр күні RCC 19 турнирінде ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы үш раундтық кездесу өткізген болатын. Аталмыш жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті. Бұл кездесуде төрешілердің ортақ шешімі бойынша Шлеменко жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30,27). Сондай-ақ, файтер Қуат Хамитов бұл жеңілісіне қатысты сын айтқан хейтерлерге де жауап берген болатын.

Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105964-prodiuserlerdi-zhylattym-quat-hamitov-sporttyng-oner-zholyndagy-paidasyn-aitty/