Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанды жақсы көремін": ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан атынан өнер көрсетпек

Жарияланған күні:

Софья Самоделкина
Софья Самоделкина. Фото: Instagram @sofyasamodelkina

Софья Самоделкина Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новости Спорт порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан төлқұжатын 2023 жылдың тамыз айында алған. Самоделкинаның анасы ертеректе ҚР азаматы болғандықтан, паспорт алу процесі жалпыға ортақ тәртіпте өтті.

Дереккөз мәлім еткендей, еліміздің мәнерлеп сырғанау ұйымы Софья Самоделкинаның Қазақстан атынан өнер көрсетуі үшін Ресей тарапына арнайы өтінім берген. Сәйкесінше Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясы бейсенбі күні бұл өтінімді мақұлдаған деп хабарланады. Демек 17 жасар мәнерлеп сырғанаушы келесі маусымнан бастап Қазақстан азаматы ретінде әлемдік додаларда өнер көрсетуі бек мүмкін. Алайда Самоделкинаның Қазақстан атынан толыққанды өнер көрсетуі үшін Халықаралық конькишілер қауымдастығы да (ISU) өз келісімін беруі қажет.

Софья Самоделкина sports.kz сайтына берген сұқбатында бұл шешімі жайлы пікірін айтқан еді.

"Қазақстанның атынан шығудың ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын. Мен бұл елді жақсы көремін. Бірнеше рет Денис Тен атындағы жарыстарға да қатысқан болатынмын", - деді спортшы.

Айта кетейік, ертеректе Софья Самоделкина өзінің бұл шешімінің мәнісін түсіндірген. Қазіргі таңда ол екі дүркін олимпиада чемпионы Евгений Плющенко атындағы академияда жаттығып жүр. Өзінің спорттық мансабы барысында мәнерлеп сырғанаушы Ресей жасөспірімдер біріншілігінің жүлдегері атанып, ересектер арасындағы ел чемпионатында 4-орын алды. Сондай-ақ Самоделкина ұлттық Гран-при кезеңдерінің алтыны мен күмісіне де қол жеткізген.

Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2106285-qazaqstandy-zhaqsy-koremin-reseilik-manerlep-syrganaushy-qazaqstan-atynan-oner-korsetpek/