Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Декреттік демалыстан оралған спортшы Париж Олимпиадасында Қазақстанға медаль сыйлағысы келеді

Жарияланған күні:

Нора Джеруто
Нора Джеруто. Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасында медаль алу үшін еңбектеніп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix жарысында 3 000 метрге кедергімен жүгіруден Олимпиадалық нормативті орындап, лицензия еншілеген еді.

"Мен декреттік демалыстан оралып, Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алғаныма қуаныштымын. Бұл менің алғашқы Олимпиадам болмақ. Медаль аламын деп үміттенемін. Біз бапкерлер штабымен бірге Қазақстанға Олимпиада медалін сыйлау үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Қолымыздан келеді деп ойлаймын. Егер мен Олимпиада медалін жеңіп алсам, бұл жас қазақстандық жеңіл атлеттерді шабыттандырады және жалпы Қазақстан халқын қуантады деп сенемін", - деді Джеруто.

Айта кетейік, Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында алтын медаль алып, Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2106348-dekrettik-demalystan-oralgan-sportshy-parizh-olimpiadasynda-qazaqstanga-medal-syilagysy-keledi/