Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұған жол бермеу керек": Олимпиада чемпионы ресейлік cпортшының Қазақстанға ауысуы туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Софья Самоделкина
Софья Самоделкина. Фото: Oleg Nikishin - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images

Мәнерлеп сырғанаудан 2018 жылғы Олимпиада чемпионы Меган Дюамель ресейлік спортшы София Самоделкинаның Қазақстан атынан өнер көрсетуіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дюамельдің X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Софья Самоделкина Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алғаны хабарланған болатын.

Бұл жаңалыққа 2018 жылғы Олимпиада ойындарының командалық есепте алтын жүлдегері Миган Дюамель X желісіндегі парақшасында пікірін жазды.

"ISU (Халықаралық коньки тебушілер одағы) ресейлік конькишілердің басқа елдерге көшуіне жол бермеуі керек деп ойлаймын. Олар әлі күнге дейін мемлекет қаржыландыратын Ресейдегі бағдарламаны қолдап жатыр", - деп жазды Дюамель.

17 жастағы Самоделкина мансабында жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионатында жүлдегер атанып, ересектер арасындағы ел чемпионатында төртінші орын алды. Сондай-ақ ол ұлттық гран-при кезеңдерінде де алтын және күміс медаль иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2106597-bugan-zhol-bermeu-kerek-olimpiada-chempiony-reseilik-cportshynyng-qazaqstanga-auysuy-turaly-aitty/