Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлет жастар арасында әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұрдос Сабыр
Нұрдос Сабыр. Фото: ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Нұрдос Сабыр Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

89 келі салмақта Нұрдос Сабыр алтыннан алқа тақты. Қоссайыс бойынша зілтемірші 333 (148+185) кг көтерді.

Екінші орын мен күміс жүлдені 329 кг нәтиже көрсеткен Армения өкілі Валерик Мовсесян жеңіп алса, Бекзод Гофиржонов 324 кг нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Сабыр жеңіс тұғырынан екінші орын алған болатын.

Қазақстан құрамасының еншісінде екі жүлде бар. Бұған дейін Ақжол Құрманбек 67 кг салмақта күміс алған болатын. Жұлқа көтеруде 129 кг, серпе көтеруде 156 кг бағындырды. Ол құрама есепте екінші орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2107023-qazaqstandyq-auyr-atlet-zhastar-arasynda-alem-chempiony-atandy/