Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтынды жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали жастар арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды. Ол 76 кг дейінгі салмақ категориясында бірінші болды. Оның нақты нәтижесі 222 (97+125) кг болды.
Бұған дейін Ақжол Құрманбек жұлқа көтеруде 129 келіні, серпе көтеруде 156 келіні бағындырып, Қазақстан құрамасына күміс медаль әкелген болатын. Сәния Орманбаева да Қазақстан құрамасына қола жүлде сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 89 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Нұрдос Сабыр әлем чемпионы атанды. Қоссайыс бойынша зілтемірші 333 (148+185) кг көтеріп, турнирдегі алғашқы алтынды жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2107086-qazaqstandyq-ziltemirshi-zhastar-arasyndagy-alem-chempionatynda-el-qorzhynyna-ekinshi-altyndy-saldy/