Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немересімен матчтарды қалт жібермейді": "Елімай" командасы 69 жастағы жанкүйерге сыйлық жасады (видео)

Жарияланған күні:

Сәуле Бейсембаева
Сәуле Бейсембаева. Фото: instagram.com/fc_elimai

Семейлік "Елімай" футбол клубы 69 жастағы жанкүйер Сәуле Бейсембаеваға құрмет көрсетіп, команданың жейдесі мен матчтарға абонемент сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Елімайдың" Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жақында Жарма ауданынан Семейге көшіп келген Сәуле Бейсембаева "Елімайдың" үйдегі ойындарын немересімен бірге қалт жібермейді. Қарияға құрмет көрсете білген қазақ елінің клубы атынан бас бапкеріміз Андрей Владимирұлы арнайы клуб жейдесімен қатар "Елімайдың" үйдегі барлық ойындарына арналған абонемент сыйға тартты", - делінген семейлік команданың Instagram-дағы парақшасында.

Сәуле Бейсембаева матчқа немересімен бірге баратынын айтты.

"Немерем "Елімай" десе жанын береді. Астанада, Алматыда жүрсек, ол "Елімайға", яғни, Семейге қайтқысы келіп тұрады. Футболды шын жүрегімен жақсы көреді. Ол жағы менен берілген шығар деп ойлаймын. Өзім дәрігер болғаннан кейін жаяу келуге дайынмын. Спорттың пайдасы көп қой. Әрбір ойыншының денсаулығы маған маңызды. Өткен жолы қақпашы құлағанда қатты уайымдадым", - деді Сәуле Бейсембаева.

Айта кетейік, қазір "Елімай" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының кестесінде 15 ұпаймен екінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2107410-nemeresimen-matchtardy-qalt-zhibermeidi-elimai-komandasy-69-zhastagy-zhankuierge-syilyq-zhasady-video/