Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 0:64 есебімен жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Қазақстан және Жапония құрамалары арасындағы ойын
Қазақстан және Жапония құрамалары арасындағы ойын. Фото: instagram.com/asiarugbylive

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан 2024 жылғы Азия чемпионатын жеңіліспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандықтар бірінші ойында Жапония құрамасымен кездесіп, 0:64 есебімен ұтылып қалды.

Сондай-ақ Азия чемпионатына бұған дейін жапондықтарға есе жіберген Гонконг құрамасы да (12:29) қатысып жатыр. Екі жеңістің арқасында Жапония құрамасы Азия чемпионы атанып, регбиден 2025 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Енді Қазақстан құрамасы турнирді Гонконг өкілдеріне қарсы ойынмен аяқтайды. Кездесу 1 маусымда өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен команда арнайы іріктеу турнирі арқылы әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, былтыр регбиден Азия чемпионаты Алматыда өтіп, Қазақстан финалда Жапония спортшыларынан жеңіліп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2107869-qazaqstan-quramasy-aziia-chempionatyndagy-algashqy-oiynda-0-64-esebimen-zhengilip-qaldy/