Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салынып бітпеген пәтер сыйлайтын шығар": Әбужақынова Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақы туралы айтты

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне берілетін сыйақы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- Олимпиадада жеңімпаз атансаңыз мемлекет сізге пәтер мен 250 мың доллар сыйақы береді. Бұған қалай қарайсыз?

- Олар жөндеу жұмысы бітпеген пәтер сыйлайтын шығар (күліп). Парижде медаль жеңіп алсам, пәтерді өзім сатып аламын. Қазір тұрып жатқан үйім тар, сондықтан кеңірек баспанаға көшкім келеді. Қалған ақшаға автокөлік аламын, - деді Әбиба.

48 кг салмақта сынға түсетін Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қола медаль еншілеген еді. Осылайша, әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2108175-salynyp-bitpegen-pater-syilaityn-shygar-abuzhaqynova-olimpiada-zhuldegerlerine-beriletin-syiaqy-turaly-aitty/