Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Палестино" футбол клубы Газа секторында қаза болған бүлдіршіндерді еске алды (видео)

Жарияланған күні:

"Палестино" футбол клубының ойыншылары
"Палестино" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/palestino

Чилилік "Палестино" футбол клубының ойыншылары Газа секторында қаза болған бүлдіршіндерді еске алу үшін ойын алдында перфоманс жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әдетте футболшылар ойын алдында алаңға кішкентай балаларды жетектеп шығады. Бірақ бұл дәстүрді Чили чемпионатындағы "Палестино" командасы басқаша орындады. Олар алаңға шыққанда қолдарын бала жетектеп келе жатқандай ұстағанымен, қастарында ешқандай бала болған жоқ. Бұл әрекетті футболшылар Газа секторында қаза болған бүлдіршіндерді еске алу үшін істеген. Сондай-ақ олар алаң ортасына жеткенде үстіндегі күрткелерін жерге тастады.

"Футболшылар Газадағы балалардың көзге көрінбейтін өлімін айыптау үшін күрткесін жерге тастады. Біздің міндетіміз – бұны бүкіл әлемге көрсету", - делінген "Палестино" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, "Палестино" футбол клубын 1920 жылы палестиналық имигранттар құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2108214-palestino-futbol-kluby-gaza-sektorynda-qaza-bolgan-buldirshinderdi-eske-aldy-video/