Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар мұнда ешкім емес": ресейлік бапкер Қазақстан азаматтығын алған спортшылар туралы айтты

Жарияланған күні:

Татьяна Тарасова
Татьяна Тарасова. Фото: Maxim Zmeyev / AFP / Getty Images

Ресейлік спортшылардың жаппай шетел азаматтығын алып жатқанын осыған дейін жазған болатынбыз. КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Татьяна Тарасова осы жайтқа байланысты ТАСС тілшісіне пікірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, әлемдік спорт ұйымдары Ресейге жаппай санкция салғаннан кейін бұл елдің спортшылары 2022 жылдан бері ешқандай халықаралық жарыстарға қатыса алмай келеді. Десе де Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясы бірнеше спортшыға азаматтығын ауыстыруға рұқсат берген. Олардың арасында Софья Самоделкина да бар. Ол енді Қазақстан атынан жарыстарға қатысады.

Сонымен қатар Алиса Овсянкина мен Аннабель Морозова (мұзда билеу), Екатерина Гейниш пен Дмитрий Чигирев (спорттық жұп) Ресей азаматтығынан бас тартты. Карина Акопова мен Никита Рахманин жұбы және Совья Титова болса Армения азаматтығын алған.

Тарасованың айтуынша, бұл спортшылар Ресейде фавориттер қатарына кірмейді, сондықтан өзге елге кетуіне рұқсат беріліпті.

"Олар қай орында тұр? Олар өздерінің мұнда ешкім емес екенін біледі, үштікке, тіпті бестікке іліне алмайды. Сондықтан, олар өзі үшін күресіп жатыр, өзге елде бірінші нөмір болып, Еуропа чемпионаттарына қатысқылары келеді", - деді Тарасова.

Еске салайық, 17 жастағы Софья Самоделкина 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2108559-olar-munda-eshkim-emes-reseilik-bapker-qazaqstan-azamattygyn-algan-sportshylar-turaly-aitty/