Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирдің финалына шықты

Жарияланған күні:

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сана Анарқұлова бастаған команда жартылай финалда Филиппин құрамасын 3-0 (25-23, 25-21, 25-14) есебімен ұтып, ақтық сынға өтті. Матчта ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады (19 ұпай). Одан кейін Светлана Николаева 11 нәтижелі әрекет жасады. Қарсылас командадан Ара Паник (14 ұпай) үздік атанды.

Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы турнирдің топтық кезеңінде Индонезия, Гонконг, Сингапурды ойсырата ұтқан еді. Ал екінші матчта Challenge Cup жарысының қазіргі чемпионы Вьетнамға жол берді. Енді 29 мамырда Астана уақытымен 16:00-де финалдық бәсеке өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Challenge Cup турниріне алғаш рет қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2108724-voleiboldan-qazaqstan-aielder-quramasy-halyqaralyq-turnirding-finalyna-shyqty/