Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Французша еркін сөйлеймін": "ПСЖ" клубында жұмыс істейтін қазақ қызы тәжірибесімен бөлісті

Жарияланған күні:

Айдана Марат
Айдана Марат. Фото: instagram/aidana_maratt

"Пари Сен-Жермен" футбол клубының жүйесінде жұмыс істейтін алғашқы қазақстандық қыз өз тәжірибесін бөлісіп, Еуропа мен Қазақстан футболының айырмашылығын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ tengrisport сайтына сілтеме жаса хабарлайды.

Айдана Марат бірнеше жылдан бері Францияда тұрады. Бүгінде ол "ПСЖ академия" футбол мектептерінің жүйесінде байланыс жөніндегі менеджер.

"Қазақстанда бакалавриатты тәмамдаған соң Париждегі Paris West University Nanterre La Défense университетіне "Спорттық менеджер" мамандығы бойынша магистратураға түстім. Француз тілінде білім алу тегін, ал жергілікті диплом жұмысқа орналасар кезде басымдық береді. Менің Франциядағы кәсіби жолым Француз футгольф қауымдастығындағы жұмыстан басталды.

Ол жерде коммуникацияларға, әлеуметтік желіге жауапты болдым, сондай-ақ өңірлік және ұлттық медиамен жұмыс істедім. Мұның бәрі мен үшін нағыз сынақ болды.Жылына 30-дан астам жарыс өткізіп, оған тілшілерді шақыру, баспасөз парағын жазу, әлеуметтік желілерді жүргізу секілді міндеттер кірді, тіпті демалыс күндері де жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында спорттық және ұлттық медиамен байланысымды арттырып, сөз саптауымды дұрыстадым, француз тілінде сенімді сөйлеуді және жазуды үйрендім", - деді Айдана.

Айдананың айтуынша, француз клубындағы вакансия жайлы құрбысынан естіген. Айдана сол күні-ақ резюмесімен қоса қажетті хаттарды жібергенімен, 400 үміткердің арасында өзін ешкім байқамай да қалатынына сенімді болыпты.

"ПСЖ"-дағы менеджерімнің сөзінше, оның көзіне менің резюмемде көрсетілген тәжірибем және ағылшын тілін еркін меңгергенім түскен. "ПСЖ"-ға өзімді үміткер ретінде тіркеуге француз құрбым көндірді. Оның жігіті де сол клубта, бірақ әйелдер командасында жұмыс істейтін. Ресми сайтын ашып "ПСЖ академияға" коммуникациялар жөніндегі интернді іздеп жатқанын көзім шалды.

Екі аптадан соң таңертең телефон қоңырауынан оянып кеттім. "Қайырлы күн! Бұл Айдана ма? Сізге "Пари Сен-Жерменнен хабарласып тұр" деді. Орнымнан қалай атып тұрғанымды білмей қалдым", - дейді қазақстандық.

"– Сіз клубта неге жауап бересіз?"

"Бүгінде "Пари Сан-Жермен" бұл футбол ғана емес. Бізде гандбол және дзюдо командалары, киберспортта 5 командамыз, қайырымдылық қорымыз және "ПСЖ академиямыз" бар. Оның әлем бойынша 22 франшизасы бар. Коммуникациялар жоспарын жасап, әлем бойынша біздің орталықтарымыздың жұмысы туралы жазамын, ресми сайтқа материал жазып, әлеуметтік желілерді жүргіземін. Егер ойыншылардың академияның балаларымен кездесуін ұйымдастырар болсақ, алдын ала диджитал-бөліммен әлеуметтік желілерде бірігіп жазба жариялау туралы келісемін", - дейді ол.

Айдана Франция мен Қазақстандағы футболшылар даярлығын да салыстырды.

"Меніңше" Францияда спортшылардың жалпы даярлығына, іріктеуге, үнемі жетілдіріліп отыратын әдістемеге жүйелі қарайтын секілді. Біздің отандық футбол энтузиазммен және жаңа бастамаларға ашықтығымен ерекшеленеді. Еліміздегі инфрақұрылымның дамуы да қуантады. Мысалы, Семейдегі жаңа манеж бен "Қайрат" академиясы. Яғни біздің жас футболшылар толыққанды алаңда жаттығу жасап, ойнап үйренеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2108943-pszh-futbol-klubynda-zhumys-isteitin-qazaq-qyzy-tazhiribesimen-bolisti/