Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрын-соңды болмаған жағдай": Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Олимпиадаға гимнастиканың үш түрінен қатысады

Жарияланған күні:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympic.kz

Гимнастикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиадаға толық құрамда қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Париж Олимпиадасында батутты гимнастикадан Данил Мұсабаев, спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Құрбанов, көркем гимнастикадан Эльжана Таниева ел намысын қорғайды.

"Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Гимнастиканың үш түрінен де Олимпиадада сынға түсеміз. Бұл біз үшін үлкен жетістік. 2016 жылы спорттық гимнастикадан, 2020 жылы батутты гимнастикадан жолдамасыз қалдық. Көркем гимнастика өкілдері 2004 жылдан бері Олимпиада ойындарына үздіксіз қатысып келеді. Міне биыл Эльжана Таниева квота еншіледі.

Батутты гимнастикадан Данил Мұсабаев, спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Курбанов жолдама жеңіп алды. Бұл өте керемет нәтиже. Осы жетістікке жету үшін спортшылар, бапкерлер және федерация басшылығы бірлесе жұмыс істеді. Спортшылардың жанын  түсініп, олармен сөйлесу керек. Өйткені, өзім де кезінде спортшы болдым. Қазір бапкер ретінде олардың көпшілік ұғына бермейтін сырларын түсінуге тырысамын", - деді Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы Әлия Юсупова.

Қазіргі таңда Олимпиадаға жолдама алған қазақстандық гимнастар Париж ойындары қарсаңында өтетін әлемдік жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2109315-buryn-songdy-bolmagan-zhagdai-qazaqstan-quramasy-tunggysh-ret-olimpiadaga-gimnastikanyng-ush-turinen-qatysady/