Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді бақытты сезіндім": ақтөбелік кернейші футболда жанкүйерлердің әніне қосылды (видео)

Жарияланған күні:

Арман Абашов
Арман Абашов. Фото: Жеке мұрағаттан

"Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері әр ойынды шоуға айналдырды. Бұл жолы жанкүйерлер арасындағы кернейшінің өнері көпті сүйсінтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кеше, 29 мамырда "Ақтөбе" өз алаңында семейлік "Елімай" командасын қабылдады. Ойынды 12 мыңнан аса жанкүйер тамашалады. "13 сектордың" қолдауы әдеттегідей ерекше болды. Бұл жолы жанкүйерлерге ақтөбелік кернейші қосылды. Ол жанкүйерлердің орындауындағы "О, Ақтөбе, сен көп жаса" әнін кернеймен сүйемелдеді.

"Шынымды айтсам, өзімді бақытты сезіндім. Ерекше сезім. Еліміздегі атақты жанкүйерлердің сенімен бірге қосылып ән шырқағаны бөлек әсер етті. Стадионда сыртымнан адамдар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салған. "13 сектордың" жанкүйерлері саған қосылып тұр. Керемет көрініс. Мен де "Ақтөбе" командасының жанкүйерімін. Осыған дейін "Ордабасы" командасымен өткен ойында қарапайым жанкүйерлердің ортасында тұрып ойнадым", - деді кернейші Арман Абашов.

"Ақтөбенің" жанкүйерлері
"Ақтөбе" клубының жанкүйерлері. Фото: Жеке мұрағаттан

Арман Ақтөбедегі қалалық мәдениет үйі оркестрінің кернейшісі. Бала күннен "Ақтөбе" футбол командасының жанкүйері. Ақтөбенің тумасы. Өзі Ақтөбе музыкалық колледждін бітірген. Өнер саласында еңбек етіп жүр. Жанкүйер әр ойынды керней аспабымен қолдауға дайын.

Сонымен қатар Ақтөбеде өткен ойынды су тасқынынан зардап шеккен 500 тұрғын тегін тамашалады. Олар "Қобыланды батыр" атындағы стадионға арнайы автобустармен жеткізілді. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 8 сектордан ақысыз орын берілді.

Айта кетейік, Қазақстан Кубогының алғашқы жартылай финалдық кездесуінде "Ақтөбе" өз алаңында "Елімайды" қабылдады. Алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Материал авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2109606-ozimdi-baqytty-sezindim-aqtobelik-kerneishi-futbolda-zhankuierlerding-anine-qosyldy-video/