Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар дойбыдан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырында
Қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырында. Фото: csp-parasport.kz

Көру және есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Түркияда өткен дойбы 64-тен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы командалық жарыста екі қазақстандық команда жүлдегер атанып, бірінші және екінші орын алды. Ал үшінші орын Польша командасына бұйырды. Ересектер арасында жекелей сында классикалық стильде Берік Тұрманов қола жүлдегер атанды.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы бәсекеде классикалық стильде Сәлімжан Ермағанбетов пен жастар арасында рапидтен Данил Гайнулин күміс медаль иеленді. Сонымен қатар Данил классикалық стильде ел қоржынына қола медаль салды. Ересектер арасында командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Дойбы 64-тен әлем чемпионаты Кемер қаласында 20-31 мамыр аралығында өтті. Жарысқа 8 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2110065-qazaqstandyq-sportshylar-doibydan-alem-chempionatynda-altyn-medal-zhengip-aldy/