Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шотландия құрамасының жанкүйері Еуро-2024-ке 41 күн жаяу жүріп барды (видео)

Жарияланған күні:

Крейг Фергюсон
Крейг Фергюсон. Фото: instagram.com/craigferguson_

Футболдан Шотландия құрамасының жанкүйері Крейг Фергюсон Еуро-2024 турнирінің алғашқы матчы өтетін Германияның Мюнхен қаласына Глазгодан (Шотландия) жаяу барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фергюсон 1600 шақырымды 41 күнде жүріп өткен. Оның Еуропа чемпионатына жаяу барудағы мақсаты - ерлердің менталды денсаулығын сақтаумен айналысатын қайырымдылық ұйымдарына ақша жинау.

"Шотландия құрамасының жанкүйері Крейг Фергюсон бейсенбіде Мюнхеннің орталығындағы Мариенплатц алаңына келгенде оны адамдар қаһарманды күткендей қарсы алды", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтеді. Турнир бүгін, 14 маусымда басталады. Алғашқы матч Германия мен Шотландия құрамалары арасында болады. Бұл ойынды бүгін сағат 23:50-де Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Осыған дейін Еуро-2024 турнирінің толық кестесі, қатысатын құрамалар және тағы басқа да мәліметтерді жариялаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2117388-shotlandiia-quramasynyng-zhankuieri-euro-2024-ke-41-kun-zhaiau-zhurip-bardy-video/