Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы футзалдан Португалия чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Тайнан
Тайнан. Фото: Oliver Hardt - UEFA/UEFA via Getty Images

Лиссабондық "Спортинг" футзал клубында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Тайнан Португалия чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде Лиссабондық команда "Браганы" үш матч қатарынан жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Финалдық ойынның алғашқы кездесуінде "Спортинг" футзал клубы өз алаңында "Брагадан" 8:4 есебімен басым түссе, сырт алаңда болған екінші матчта 0:2 есебімен ұтады. Ал үшінші кездесуде "Спортинг" 6:3 есебін тіркеп, Португалия чемпионы атанды.

Нәтижесінде Лиссабон клубы 19 рет Португалия чемпионатының жеңімпазы атанды. Осылайша "Спортинг" Португалияда қатарынан төрт чемпионатты жеңіп алған алғашқы команда болып саналады.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Тайнан бұл ойындарда өзінің мергендігімен көзге түсе алмады. Десе де, чемпионат барысында Тайнан 24 гол соғып, бомбардирлер тізімінде "Брага" футзал клубының ойыншысы Аллан Гильермемен көш басында қатар тұр.

Тайнан өткен жылдан бері "Спортинг" сапында өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар ол команда құрамында 2019 жылдан 2021 жылға дейін ойнаған болатын. Ал Қазақстанда ол "Қайрат" сапында 2017-2019 жылдар аралығында ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2118783-qazaqstandyq-futzalshy-tainan-portugaliia-chempiony-atandy/